193 (бесплатно с городских телефонов). 8 727 258 15 00
kz ru

Часто задаваемые вопросы

DVB-T2 сигналын қабылдау үшін қандай антенна керек?
Сіздің теледидарыңыз DVB-T2 стандартын қолдайтын жағдайда цифрлық эфирлік сигналды қабылдау үшін Сізге дециметрлік антенна сатып алу қажет. Әрине, барлығы мұнараның сізден қаншалықты алыста орналасқанына және сіздің тұратын жеріңіздің рельефіне байланысты. Егер радиотелевизиялық станция сіздің үйіңізден алыста болса, онда сізге цифрлық эфирлік телевизияны қабылдау үшін сыртқы дециметрлік антенна қоюға тура келеді. Олар, сондай-ақ, күшейткішсіз немесе күшейткішпен болады. Сигнал нашар қабылданатын жағдайда антеннаны діңгекке көтеру қажет болады. Антенна дұрыс қосылып, міндетті түрде мұнара жаққа бағытталған болуы тиіс. DVB-T2 сигнал таратқыштарды орналастыру жөніндегі ақпаратты сіз интернеттен еш қиындықсыз таба аласыз.
Қандай қабылдағыш жабдық қажет?
Цифрлық эфирлік телевизияны көру үшін жабдықты қосуға көп уақыт алмайды және арнайы білім мен дағдыны да талап етпейді. DVB-T2 стандартын қолдайтын жаңа теледидарда ЦЭТВ-ны қабылдау үшін тек ДМВ диапазонды антенна ғана керек. Біздің елімізде DVB-T2-ні қолдайтын теледидарлар шамамен 2012 жылдан кейін пайда бола бастады. Сондықтан, егер сіздің теледидарыңыз 2012 жылға дейін сатып алынған болса, ондай теледидарға антеннадан басқа, DVB-T2 жалғама жабдық (приставка) та керек.
Бүкіл еліміз бойынша аналогты телехабар тарату қашан өшіріледі?
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы №262 «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрығымен цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға төмендегідей мерзімдер белгіленген: 1) бірінші кезең, 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыситары мен Шымкент қаласы; 2) екінші кезең, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін: Алматы, Павлодар және Қостанай облыстары; 3) үшінші кезең, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары; 4) төртінші кезең, 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін: Баитыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалалары.
Телевизияның коммерциялық операторларының ұсыныстары алдында ЦЭТВ-ның артықшылығы неде?
Цифрлық эфирлік телевизияның артықшылығы – бірінші және екінші мультиплекстердің жалпыға қолжетімді міндетті негізгі арналары .үшін абоненттік төлемнің болмауы.
Цифрлық эфирлік телевизия аналогты телевизиядан несімен артық?
Цифрлық эфирлік телевизиялық хабар тарату кескін мен дыбыстың сапасын анағұрлым арттырады, халыққа қолжетімді телеарналар санын көбейтіп, жиіліктік ресурсты үнемдейді, сондай-ақ, заманауи жаңа қызметтерге даму мүмкіндігін ұсынады.
Қазақстан цифрлық телевизияға неге көшіп жатыр?
Цифрлық хабар таратуға көшу Елбасының 28.02.2007 ж. «Жаңа Қазақстан – жаңа әлемде» Қазақстан халқына Жолдауында ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыты болып белгіленді. Бағдарлама, ең алдымен, маңызды әлеуметтік міндет – Астана, Алматы, Шымкент қалаларының барлық тұрғындары үшін және облыс орталықтарында30 шақты отандық телеарнаны, облыс орталықтарынан төмен жерлерде 15 шақты отандық телеарнаны өте жоғары «цифрлық» сапада қолжетімді әрі тегін болуын шешеді. Бұл міндетті аналогты телевизия базасында іске асыруға болмайды, өйткені оны ұстау мен жаңғыртуға өте көп шығындар қажет, сондай-ақ, онда еркін радиожиіліктік ресурс шектеулі. Миллиондаған қазақстандықтар үшін цифрлық эфирлік телевизия өмір сапасының жақсаруы әрі ақпараттық теңсіздікті жою болып табылады.