193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

Отандық телевизияның дамуына ЦЭТХТ-ның әсері

Опубликовано: 22.11.2019

Цифрландыру бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қызметтің түрлі саласына жаңалық атаулы енгізіліп жатыр, отандық телевизия да бұл үрдістен сырт қалмақ емес. Қазақстанда аналогты телевизияны толықтай өшіре отырып, цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу белсенді түрде іске асырылуда.

Телерадио хабарларын таратудың цифрлық стандартына көшудің маңызы туралы және отандық телевизия дамуының ерекшеліктеру жөнінде біз Республикалық «AGRO BUSINESS TV» телеарнасының Бас директоры Еділбай Беркінбаевпен әңгімелестік.      

 Сәлеметсіз бе, Еділбай Түймебайұлы, ЦЭТХТ-ға көшу отандық телеарналардың дамуынан қалай көрінеді?

Тек іске сенетін маман ретінде, мен цифрлық телевизияны енгізу бұл алға қарай жасалған үлкен қадам дер едім. Бүкіл әлемде телехабар тарату саласы қарқынды түрде дамуда, одан Қазақстан да қалыспауы тиіс.  Егер цифрлық эфирлік хабар тарату мен аналогты телевизияны салыстырсақ, айырмашылық жер мен көктей. Бұрын телерадиокомпаниялар аналогты хабар тарату желісі арқылы сигнал жібере алса, соның өзі үлкен жетістік болатын. Бүгінде бүкіл әлем цифрға көшті, хабар таратудың бұл екі желісі арасындағы айырмашылық телерадиокомпанияларға да, ең соңғы тұтынушы - көрерменге де тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Цифрлық эфирлік хабар тарату, әсіресе, өңірлік телерадиокомпанияларға жаңа мүмкіндіктер ашады, яғни ЦЭТХТ-ға көшкеннен кейін олар бүкіл елге хабар тарата алатын болады. Өңірлік арналар кескін мен дыбыстың сапасы жөнінен енді республикалық немесе әлемдік телеарналардан бір де кем болмайды. Өңірлік телеарна өкілдері үшін бір-ақ мәселе – контент жасап мәселесі ғана қалады.

 

Жерсеріктік телехабар тарату мен интернет телевизияның даму қарқынын есепке алсақ, эфирлік хабар тарату желісін жаңғырту мен ЦЭТХТ-ға көшу қаншалықты қажет деп ойлайсыз?

Радио мен телевизияға алғаш қол жеткен кезде көптеген адамдар баспадан шығатын басылымдар дәуірі аяқталды деп есептеген. Сол сияқты, Интернет пайда болғанда да басым көпшілік телевизия мен радиоға қажеттілік төмендейді деп болжаған еді, бірақ инфокоммуникация саласының қарқынды дамуы мен азаматтармен қарым-қатынас жасаудың көптеген жолдарының пайда болғанына қарамастан, баспа басылымдары мен эфирлік телевизияның да өз аудиториясы сақталуда. Сондықтан мен цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу отандық телеарналардың дамуына өз аудиториясы үшін бәсекелестік тартыс арқылы оң әсерін тигізеді деген сенімдемін.

Сіз «AGRO BUSINESS TV» республикалық телеарнасының Бас директоры ретінде нақты сіздің телеарнаңызға ЦЭТХТ-ға көшудің қалай әсер еткенін айта аласыз ба? Жақсы жақтары көп пе, әлде, дейтұрғанмен, кемшін тұстары да бар ма?

Әрине, ЦЭТХТ-ға көшу телеарнамыздың дамуына тек оң әсер етті.  Бұрын «Agro business TV» тек облыстық деңгейде ғана таралса, қазір ЦЭТХТ енгізілуінің арқасында біз республика көлемінде хабар таратуға қол жеткіздік. Цифрлық эфирлік телевизия желісі арқылы телеарнаны қазір Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қызылорда, Петропавловск, Ақтау, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қостанай, Павлодар қалаларының және Алматы облысының бірқатар елді мекендерінің тұрғындары көре алады.    

Радиожиіліктердің босап қалуы туралы не айтасыз, бұл жағдай еліміздің инфокоммуникация саласында қалай көрініс табады деп ойлайсыз? 

Радиожиіліктер елдегі ең маңызды ресурстардың бірі болып табылады және басты міндеттердің бірі – оларды ұтымды пайдалана білу. ЦЭТХТ-ны енгізу және АЭТХТ-ны толықтай өшіру жобасы аяқталғаннан кейін босап қалған радиожиіліктер жалпы  инфокоммуникация саласын дамытуға бағытталатын болады және бұл, сөзсіз, өз жемісін беруі тиіс. Ертегі күннің еншісінде не тұрғанын біз біле алмаймыз, дегенмен біз кез келген нәрсеге дайын болуымыз керек деп ойлаймын.