193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

Жамбыл облысында аналогтық телехабар толығымен өшірілді.

Опубликовано: 26.11.2018

Пресс-релиз

Жамбыл облысында аналогтық телехабар толығымен өшірілді.

Цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу жөніндегі жобаны іске асыру аясында бүгін, 2018 жылдың 26 қарашасында Тараз қаласында Жамбыл облысында Аналогты теледидарды ажырату және ЦЭТТ(цифрлық эфирлік телехабар тарату) қосу салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының бастығы Берік Құрманқұлов, «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы Ескендір Тәжібеков және Жамбыл ОДРТ директоры Мақсат Қойшыбаев қатысты.

Өз сөзінде Ескендір Тәжібеков аталмыш шараның маңыздылығын атап өтті.Оның айтуынша, Жамбыл облысында аналогтық хабар таратуды тоқтату, бұл "Цифрлық Қазақстан"мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың кезекті кезеңі.Сондай-ақ, ол Жамбыл облысындағы  ЦЭТТ-ға табысты көшуді қамтамасыз ету үшін атқарылған жұмыстар туралы айтты.

«Облыста цифрлық эфирлік телехабар тарату жобасын іске асыру толығымен аяқталды. Бүгінгі таңда 44 цифрлық таратқыштарды қосумен,  43 радиотелевизиялық станциялар салынды және жаңғыртылды.Бұл 377 елді мекенді қамтуға мүмкіндік береді, яғни облыс халқының 99,8% - ын құрайды.Өңірде алты елді мекен цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтылмаған, бірақ сапалы телехабар тарату олар үшін қолжетімді.Қазіргі таңда аталған елді мекендерде 466 үй шаруашылығы тіркелген, олардың әрқайсысы "OTAU TV" ұлттық спутниктік телехабар тарату жүйесіне қосылған», - деді Ескендір Тәжібеков.

Облыс әкімдігінің қолдауымен халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманқұловтың айтуынша, аймақ тұрғындарын хабардар ету мақсатында цифрлық эфирлік телехабар тарату бойынша жарнамалық бейне роликтер Тараз қаласының барлық LED-дисплейлері бойынша көрсетіледі.Цифрлық эфирлік теледидарға көшу туралы  5 аялдама жарнама орналастыра отырып ұйымдастырылды.Облыс аудандары бойынша 57 ақпараттық билборд орналастырылды және өңірлік БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.Сондай-ақ, өз сөзінде ол атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларымен жұмыс туралы айтты.

«Облыста атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жататын отбасылардың сандық қабылдауын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 8975 отбасы тіркелген, оның 6631-і ЦЭТТ қызметіне қосылған.Қалған 2344 отбасы сандық қабылдағыштарға ие болды және цифрлық эфирлік теледидарға қосылу мүмкіндігіне ие», - деді Берік Құрманқұлов.

Айта кету керек, Тараз қаласында аналогтық стандартта 10 арна, ал облыс орталығынан төмен елді мекендерде 5-ке дейін цифрлық эфирлік хабар таратуға көшкеннен кейін трансляцияланатын арналар саны қалада 26-ға дейін, ал кенттерде бейне және дыбыс сапасы жақсы 11арна, оның ішінде HD сапасы жоғары 2 телеарна.Естеріңізге сала кетейік, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің барлық өңірлерін аналогтық телехабарлардан кезең-кезеңмен ажырату жоспарланып отыр.Осы бағдарламаға сәйкес 2021 жылға қарай Қазақстан аналогтық хабар таратудан толығымен бас тартады.