193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

Нұр-Сұлтан қаласында «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді

Опубликовано: 26.09.2019

Елордада 2019 жылдың 24-25 қазанында жыл сайынғы «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді. Жетекші IT-мамандар мен технологиялық кәсіпкерлер цифрлық даму саласында инновациялық шешімдер мен тәжірибе алмасу үшін бірыңғай диалог алаңында жиналады.

Биылғы жылы «Digital Bridge» форумы еліміздің жас IT-мамандарын қолдау үшін Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен өткізіледі.

«Digital Bridge» форумының басты мақсаты – Қазақстанның инновациялық экожүйесіне қатысушылар арасында диалог алаңын құру және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдер арасында қазіргі заманғы технопарктер пулын қалыптастыру.

«Биыл Digital Bridge Қазақстандағы цифрлық экожүйеге қатысты барлық іс-шараларды бір қолшатырдың астына жинаған форум болмақ. Біз Digital Bridge бизнес, стартаптар, мемлекет және осы саладағы мәселелерді шешуге, цифрлық идеяларды ілгерілетуге, нақты пайда әкелетін жобаларды іске асыруға ниетті аудиторияларды біріктіретін көпірге айналғанын қалаймыз», - деп хабарлады «Зерде» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Павел Коктышев.

Форум алаңындағы басты шара Next Tech Entrepreneur Forum стратегиялық сессиясы болмақ. Қатысушылар үшін түрлі тақырыптарда ашық талқылаулар ұйымдастырылады: болашақтың білімі, венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау, цифрлық медиа. Мұнда қатысушылар арасында B2B кездесулер өткізу мүмкіндіктері болады.

«Біз бизнес-ортаға үлкен назар аударамыз. Жеке алаңда стартаптар, инвесторлар, кәсіпкерлер, АТ-компаниялары, мамандар мен медиа өкілдері бір-бірлерімен кездесіп, бейресми жағдайда, «галстуксіз», нақты тақырыптарды талқылай алатын алаңды ұйымдастырамыз», - деп толықтырды Павел Коктышев.

Форум күндері дәстүрлі түрде жыл сайынғы Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін Astana Hub Awards марапаты өтеді. Сондай-ақ Astana Hub Battle жарысында технологиялық стартаптар өз мүмкіндіктерін көрсетеді.

«Digital Bridge» аясында Astana IT University мен Alem бағдарламалау мектебінің ресми ашылуы, сондай-ақ «Digital ХҚО» сервистері көрсетіледі. Сонымен қатар, форум шеңберінде бес CDO қатысуымен «Цифрландыру мәселелері бойынша ашық талқылау» сессиясы және ШЫҰ халықаралық технопарктерінің дөңгелек үстелі өтеді.  

Іс-шара Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ және Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қатысуымен ұйымдастырылып отыр. Форум «Қазақтелеком» АҚ, ERG және BTS Digital қолдауымен өткізіледі.

Форум сайтында қатысушыларды және БАҚ өкілдерін тіркеу ашық  http://digitalbridge.kz/