193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

Қазақстанда цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу жалғасуда

Опубликовано: 26.06.2024

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға (ЦЭТВ) кезең-кезеңімен көшуді жалғастырады. Бұл жолы тізімге ішінара Шығыс Қазақстан, Абай және Атырау облыстарының елді мекендері кіреді. Бұл қадам телевизия бағдарламаларын көруді осы өңірлердің тұрғындары үшін бұрынғыдан да қолжетімді әрі сапалы етуге бағытталған.

Жаңа буын цифрлық теледвизиясы сигналдың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді және көрермендерге көптеген жаңа мүмкіндіктер ашады. Енді пайдаланушылар көп арналарды, жақсартылған сурет пен дыбыс сапасын, мультимедиялық қосымшаларды, радионы, электрондық хабарлар бағдарламасын, субтитр тілін таңдауды және басқа да көптеген жаңалықтарды тамашалай алады.

Аналогты телевизиядан айырмашылығы, цифрлық сигнал кедергіге төзімді және тіпті ең шалғай елді мекендерде де көрермендерге шуыл мен бұрмалаусыз беріледі. Бұл осы  өңірлердің тұрғындары іркілістер және сурет пен дыбыс сапасының төмендігін ұмыта алады деген сөз.

ЦЭТВ-ға көшу Қазақстанда телевизияны дамытудың жаңа бағытын ашады. Цифрландыру шағын елді мекендерде көп телеарна қабылдауға мүмкіндік береді — аналогты форматтағы 2-3 арнаның орнына 15 арнаға дейін қабылдайды. Облыс орталықтарында көрермендерге 30 арна қолжетімді болады. Бұл ретте оларды жіберу үшін қажетті электр энергиясын тұтыну айтарлықтай азаяды.

Бұл қадам барлық азаматтардың өмір сүру сапасы мен ақпараттық қолжетімділігін арттыруға бағытталған елді цифрландырудың жалпы стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Төменде аналогты телевизиядан ажыратылып, цифрлық эфирлік телевизияға ауысатын елді мекендердің толық тізімі келтірілген.

Елді мекендер тізбесі:

Облыстың атауы Ауданның атауы Елді мекеннің атауы
1 2 3 4
1 Абай Аягөз Қопа ауылы
2 Абай Аягөз Қарақұм ауылы
3 Абай Аягөз Ақтоғай ауылы
4 Абай Аягөз Жүзағаш ауылы
5 Абай Аягөз Таңсық ауылы 
6 Абай Аягөз Тарлаулы ауылы
7 Абай Аягөз Ақбұлақ ауылы
8 Абай Аягөз Айғыз ауылы
9 Абай Аягөз Өркен ауылы
10 Абай Ақсуат Үштөбе ауылы
11 Абай Мақаншы Ақшоқы ауылы
12 Абай Үржар Сегізбай ауылы
13 Атырау Индер Құрылыс ауылы
14 Атырау Индер Қызылжар ауылы 
15 Атырау Индер Өрлік ауылы
16 Атырау Индер Көктоғай ауылы
17 Атырау Қызылқоға Қоңыраулы ауылы    
18 Атырау Қызылқоға Мұқыр ауылы
19 Атырау Махамбет Өтешқали Атамбаев ауылы
20 Атырау Махамбет Ақтоғай ауылы   
21 Атырау Махамбет Көздіқара ауылы   
22 Атырау Махамбет Ақжайық ауылы   
23 Атырау Махамбет Махамбет ауылы   
24 Атырау Махамбет Ортақшыл ауылы
25 Атырау Махамбет Сарытоғай ауылы  
26 Атырау Махамбет Таңдай ауылы 
27 Атырау Махамбет Есбол ауылы
28 Атырау Махамбет Жалғансай ауылы  
29 Атырау Махамбет Кеңөріс ауылы
30 Атырау Махамбет Бала Ораз ауылы   
31 Атырау Құрманғазы Құрманғазы ауылы    
32 Атырау Құрманғазы Жамбыл ауылы   
33 Атырау Құрманғазы Каракөл ауылы   
34 Атырау Құрманғазы Дәулет ауылы  
35 Атырау Құрманғазы Алға ауылы  
36 Атырау Құрманғазы Көкарна ауылы 
37 Атырау Құрманғазы Афанасьев разъезі
38 Атырау Құрманғазы Hұржау ауылы 
39 Атырау Құрманғазы Орлы ауылы 
40 Атырау Құрманғазы Теңіз ауылы   
41 Атырау Құрманғазы Хиуаз ауылы   
42 Атырау Құрманғазы Ақкөл ауылы   
43 Атырау Құрманғазы Жұмекен ауылы 
44 Атырау Құрманғазы Дәулеткерей ауылы   
45 Атырау Құрманғазы Каспий ауылы
46 Атырау Құрманғазы Иманов ауылы   
47 Атырау Құрманғазы Қадыр ауылы 
48 Атырау Құрманғазы Құмарғали ауылы 
49 Атырау Құрманғазы Шайхы ауылы   
50 Атырау Құрманғазы Шестой ауылы  
51 Шығыс Қазақстан Тарбағатай Сарыөлең ауылы 
52 Шығыс Қазақстан Тарбағатай Жаңаауыл ауылы
53 Шығыс Қазақстан Тарбағатай Жаңаталап ауылы