193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

«OTAU TV» 10 жыл сіздермен бірге

Опубликовано: 19.01.2021

          2011 жылдың 18 қаңтарында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен мақсаты елдегі бүкіл халықтың ақпараттық ресурстарға кепілді түрде қол жеткізуін қамтамасыз ету болған «OTAU TV» Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын таратуын ресми түрде іске қосу жүзеге асырылды. Сол кездің өзінде-ақ пайдаланушыларға 37 отандық телерадиоарна қолжетімді болып, жыл өткен сайын олардың саны артып отырды. Бүгінгі таңда  «OTAU TV»-де абоненттік төлемсіз 65 отандық телерадиоарна және ақылы негізде 70-тен астам шетелдік телеарна қолжетімді.

          «OTAU TV» – Қазақстан аумағын 100% қамтуды қамтамасыз етіп отырған ұлттық жерсеріктік телевизия, біздің елдің кез келген тұрғыны жерсеріктік хабар таратуды тікелей қабылдау қызметін алу мүмкіндігіне ие. «OTAU TV»  жыл өткен сайын танымал болып келеді, абоненттер санының 1 500 000 пайдаланушыдан асуы – онжылдық жұмыстың нәтижесі.