193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

«Қостанай» және «Атырау» РТС қалпына келтіру жұмыстары

Опубликовано: 27.07.2021

Қостанай және Атырау қалаларында телерадиоарналар уақытша жоғалады. 27 – 29 шілде аралығында «Қостанай» және «Атырау» радиотелевизиялық станцияларында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын өшіре отырып, авариялық-жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады.

    Жұмыстарды жүргізу Қостанай қаласында 27 және 28 шілдеде сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін, Атырау қаласында 29 шілдеде сағат 05.00-ден 09.00-ге дейін және 14.00-ден 18.00-ге дейін жоспарланған.

    «Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда сіз Қоғамның call-center-іне мына нөмірлер арқылы хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7(727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz электрондық поштасына хабарлама жіберуге болады.