193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

«Жезқазған ТВ» телеарнасының қосылуы

Опубликовано: 19.09.2019

«Жезқазған» радиотелевизиялық станциясынан хабар тарататын цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіндегі телеарналар тізіміне «Жезқазған ТВ» телеарнасы қосылады. 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Жезқазған қаласындағы РТС-да сағат 10:00 мен 16:00 аралығында цифрлық эфирлік телехабар тарату қондырғысында мультиплекстегі телеарналар тізімін өзгерту бойынша жоспардан тыс жұмыстар жүргізіледі.

Айта кетерлік жәйт, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019ж. 17 маусымындағы №172 бұйрығына сәйкес, телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ тарататын теле-, радиоарналар тізімі бекітілген болатын. Осы бұйрыққа сәйкес, Жезқазған қаласындағы радиотелевизиялық станциясында цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінде көрсетілетін арналар тізіміне «Жезқазған ТВ» енді.   

​call-center: 193, +7(727) 2 581 500

e-mail: abonent@otautv.kz