193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

«Елімізде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталуда»

Опубликовано: 18.08.2023

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда. Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • Сыртқы саясат және инвестициялар;
  • Экономикалық және қаржылық саясат;
  • Цифрландыру;
  • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

  • - Құжаттарды қабылдау;
  • - Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
  • -Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
  • - Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
  • - Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
  • - Ұлттық комиссия отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады».