193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

«МИР 24» телеарнасы «Қостанай», «Павлодар» және «Үлкен Шаған» радиотелевизиялық станцияларынан хабар таратуын бастайды

Опубликовано: 16.09.2019

Ағымдағы жылы 16 қыркүйектен бастап «МИР 24» телеарнасы Қостанай, Павлодар және Талдықорған қалаларында цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінде көрсететін болады. Тағы бір айта кетерлік жәйт, аталған қалаларда «СТВ» телеарнасының хабар таратуы тоқтатылады. Бұл шешім «Рахат ТВ» ЖШС Тәуелсіз телекомпаниясының осы аумақтарда хабар таратудан бас тартуына байланысты қабылданды. Сондықтан, Мемлекетаралық «МИР» телерадиокомпаниясының Қазақстан республикасындағы Ұлттық филиалымен арада келісім-шарт жасасу туралы шешім қабылданды. Естеріңізге сала кетсек, ҚР «Теле радио хабар тарату туралы» Заңының, 42 бабы, 4 тармағына сәйкес; «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу кезінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында аналогтық жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер арқылы таратылатын телеарналар аталған жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) босатады және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы оларды цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың телеарналар топтамасына міндетті түрде тегін қосады. Бұл теле-, радиоарналарды тарату жасалған шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады».