193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік приставкамен қамтамасыз ету сызбасы

Опубликовано: 04.06.2018

1. Жалпы ақпарат.

Приставкалар цифрлық теле-, радиосигналды DVB Т2, MPEG 4 хабар тарату стандартарында (цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға арналған) қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс.

Цифрлық эфирлік телерадиохабарларын таратуға толық көшкенге дейін жергілікті атқарушы орган мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жеке тұлғаларды приставкалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Приставкалармен қамтамасыз ету өтініш берушіге тегін жеткізу және орнату түрінде жүзеге асырылады.

Приставкалармен қамтамасыз ету өзінің немесе отбасының не болмаса өзімен үнемі бірге тұратын өзге тұлғаның атынан бір өтінім берушіге бір приставка есебі бойынша жүргізіледі.

Приставкалармен қамтамасыз ету өзінің немесе отбасының не болмаса өзімен үнемі бірге тұратын өзге тұлғаның атынан бір өтінім берушіге бір рет қана беріледі.

Цифрлық эфирлік телерадиохабарларын таратумен қамтылған елді мекендерде өтінім берушілер цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде ұлттық оператор тарататын цифрлық теле-, радиосигналды қабылдауға арналған приставкалармен қамтамасыз етіледі.

Цифрлық эфирлік телерадиохабарларын таратуды пайдалануға енгізу және елді мекендер бойынша цифрлық эфирлік телерадиохабарларын таратумен қамту мерзімдері жайлы мәліметтерді ұлттық оператор жергілікті атқарушы органға осы жергілікті атқарушы органның әкімшілік аумағына қарайтын елді мекендерде цифрлық эфирлік телерадиохабарларын таратуды іске қосардан үш ай бұрын береді.

Жергілікті атқарушы орган халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өтінім берушілердің приставкаларды тегін, өтеусіз ала алатыны туралы хабардар етеді және оларға приствакаларды алудың тәртібі мен шарттары жайлы толық әрі уақытылы ақпарат береді.

2. АӘК алатын тұлғаларды приставкалармен қамтамасыз ету сызбасы.

 

Үдеріс/ мерзім

Үдерістің сипаты

Орындаушы

1

Өтінім беру

Өтінім беруші приставка алу үшінтұрғылықты жері бойынша атқарушы органға барады, ал ауылдық жерде – кенттің, ауылдың, ауылдық округтың аудандық маңыздағы қаланың әкіміне барады. Олар құжаттарды тегін приставка беру туралы өтініштерді тіркейтін журналға енгізеді және өтінім берушіге құжаттардың қабылданғанын растайтын анықтама береді.

К Өтінішке өтінім берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, атаулы әлеуметтік көмек алатынын (отбасының) растайтын анықтама қоса тіркеледі. Түпнұсқа салыстырылғаннан кейін жеке куәлік өтінім берушіге қайтарылады.

 

АӘК алушы адам

2

Өтінішті ЖАО жөнелту/ 5 жұмыс күні

Кент, ауыл, ауылдық округ, аудандық маңыздағы қала әкімі өтінішті алған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтінішті құжаттармен бірге жергілікті атқарушы органға жөнелтеді.

ЕМ әкімі

3

Өтінім берушінің мәліметтерін салыстыру

Атқарушы орган өтінім берушінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатыны туралы мәліметті тексереді.

Атқарушы орган өтініштің негізінде олардың тізбесі мен санын көрсете отырып, приставкаға қажеттілікті анықтайды.

 

 

4

Өтінім берушіні приставкамен қамтамасыз ету туралы шешім/өтінішті өтінім берушіден немесе ЕМ Әкімінен алған күннен бастап 5 жұмыс күні

Атқарушы орган өтінім берушіні тегін негізде приставкамен қамтамасыз ету туралы (үш данада) немесе онымен қамтамасыз етуден бас тарту туралы (екі дана) шешім шығарады, оны өтінім берушіге жазбаша хабарлайды, ал бас тартқан жағдайда оның себебін көрсетеді.

ЖАО

5

Қабылдағыштармен қамтамасыз ету

Өтінім берушіні тегін приставкамен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданған жағдайда, шешімнің бірінші данасы өтінім берушіге жөнелтіледі, екіншісі – жүргізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша приставканы жеткізуді жүзеге асыратын жеткізушігежәне үшіншісі атқарушы органда қалады.

Өтінім берушіге тегін приставка беруден бас тартқан жағдайда, шешімнің алғашқы данасы өтінім берушіге жөнелтіледі, екіншісі атқарушы органда қалады.

Қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

 

ЖАО