193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

БАҚ жұмыскерлері күні құтты болсын!

Опубликовано: 28.06.2021

Құрметті әріптестер, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлері! Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы – «Қазтелерадио» АҚ ұжымы барлығыңызды шын жүректен кәсіби мереке – Бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлері күнімен құттықтайды! 
Сіздерге жемісті еңбек еткендеріңіз, маңызды оқиғаларды объективті жариялағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. 
Газеттегі, телевизиядағы немесе радиодағы кез-келген ақпараттық алаңда сіздер жедел, ашық және адал болуға тырысасыздар. Сіздердің жұмыстарыңыз бен кәсіпке шынайы берілгендіктеріңіздің арқасында біз бүкіл әлемде болып жатқан барлық оқиғалардан хабардармыз.
Сіздерге өмірге шынайы көзқарас пен ақпарат көздерінің ашық болуын, ойлы сұхбат бере алатын тұлғалар мен қызықты жаңалықтар, шығармашылық шабыт пен табысты еңбек тілейміз.