193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

«Шалқар» радиосы Павлодар облысының үш ауданында қолжетімді болады

Опубликовано: 13.09.2021

«Шалқар» радиосы Павлодар облысының 20000-нан астам тұрғындары үшін қолжетімді болады. 2021 жылғы 13-27 қыркүйек аралығында сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін «Аққулы» радиотелевизиялық станциясында таратушы антенна-фидер құрылғысын орнату және монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Жоғарыда көрсетілген РТС қамту аймағына облыстың Май, Лебяжі және Павлодар аудандарының 37 елді мекені кіреді. «Шалқар» радиобағдарламасының сигналын 104,4 толқынында FM диапазонында қабылдауға болады.


Жұмыстарды жүргізу барысында «Қазақ радиосы» және «Халық радиосы» радиобағдарламаларын тарату уақытша жоғалады. «Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сіз қоғамның call-орталығына мына нөмірлер арқылы хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7(727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz. электрондық поштаға хабарлама жіберуге болады.