193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

Құрметті қазақстандықтар!

Опубликовано: 13.12.2019

Сіздерді еліміздің ұлттық мейрамы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! 16 желтоқсан – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан күн.

Осы қасиетті де қастерлі мереке қарсаңында отбасыларыңызға шаттық, бақ-береке, дәулет, жақындарыңызға денсаулық тілейміз! Мемлекетіміз үшін кеудеміз мақтанышқа толып, ынтымақтастық пен татулыққа ұмтылайық, ал адал еңбегіміз жарқын болашағымыздың кепілі болғай!

Құрметпен, «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасының м.а.

Омаров Р.М.