193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

Мирболат Аюпов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Опубликовано: 20.01.2022

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы болып Аюпов Мирболат Хайратұлы тағайындалды.

Аюпов Мирболат Хайратұлы 1963 жылы 26 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-физикалық институтының кибернетика факультетін бітірген.

1986 жылдан Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми және оқытушылық қызметте. 1998 жылдан бастап «Алтел» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ компанияларында басшылық қызметте. Әр жылдары «Транстелеком» АҚ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС басқарды. Байланыс және телекоммуникация, сондай-ақ, телевизиялық технологиялар саласында20 жылдан астам басшылық орындарда еңбек етіп келеді.

ҚР «Құрмет» орденінің, медальдарының кавалері, «Құрметті байланысшы» атағы бар. В. Зворыкин атындағы «Телевизия және онымен байланысты технологияларды дамытуға қосқан жеке үлесі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты атағына ие болған Қазақстанның жалғыз өкілі.

«Қазтелерадио» АҚ басты мақсаты – халыққа телерадио хабарларын таратудың түрлі желілерінде мемлекеттік бағдарламаларды тегін қабылдау мүмкіндігін беру. Бұл ретте бірінші кезектегі міндеттер цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу, жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісін, мемлекеттік хабар тарату желілерін дамыту, интернет-хабар таратуды алға жылжыту және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.