193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

Нұр-Сұлтан қ. мен Қарағанды облысы ЦЭТХТ-ға көшуге дайындалуда

Опубликовано: 23.09.2021

Үстіміздегі жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан қ. мен Қарағанды облысында аналогты телевизияны толығымен өшіре отырып, 100% цифрлық телехабар таратуға көшу жүзеге асырылатын болады.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қ. цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі арқылы абоненттік төлемсіз 26 телеарна қолжетімді. Бүгіннің өзінде елорда тұрғындары мен қонақтары мынадай телеарналарды тамашалай алады: «QAZAQSTAN», «Хабар HD», «Хабар 24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА», «Kazakh TV», «ABAI TV», «Первый канал Евразия», «Астана», «QAZSPORT HD», «МИР», «КТК», «НТК», «Седьмой канал», «31 канал», «СТВ», «Almaty», «TALIM TV», «ATAMEKEN BUSINESS», «Тұран ТВ», «ТАҢ», «Hit TV», «Gakku Media», «MUZLIFE», «Той Думан», «Новое телевидение». 

Қарағанды облысында цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі бойынша телеарналарды тарату 21 радиотелевизиялық станциядан жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта облыс халқының 80%-дан астамы радиотелевизиялық станциялар:

«Қарағанды» РТС (Новая), «Жезқазған» РТС, «Қарағайлы» РТС,   «Мыңбаев» РТС (Ивановка), «Ақсу-Аюлы» РТС, «Егіндібұлақ» РТС, «Аппаз» РТС, «Бесоба» РТС, «Ералиево» РТС, «Жарлы» РТС, «Жыланды» РТС, «Қантай» РТС, «Көктас» РТС (Карбышевка), «Мойынты» РТС, «Молодежный» РТС, «Осакаровка» РТС, «Пионерское» РТС, «Сұңқар» РТС (Скобелевка), «Түгіскен» РТС, «Ұлытау» РТС және «Шешенқара» РТС цифрлық эфирлік телехабар таратудың сенімді сигналын қабылдап отыр. 

Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейін 14 радиотелевизиялық станция салу және жаңғырту жоспарлануда, осылайша облыс халқының 96,3% цифрлық эфирлік телехабар таратудың сенімді қабылдауымен қамтамасыз етуге болады.

Бүгінгі күні Қарағанды қ. цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі бойынша абоненттік төлемі жоқ 26 телеарна қолжетімді, оның ішінде: «QAZAQSTAN», «Хабар HD», «Хабар 24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА», «Kazakh TV», «ABAI TV», «Первый канал Евразия», «SARYARQA», «QAZSPORT HD», «МИР», «Астана», «КТК», «НТК», «Седьмой канал», «31 канал», «СТВ», «Almaty», «TALIM TV», «ATAMEKEN BUSINESS», «Gakku Media», «Первый Карагандинский», «5 канал», «Новое телевидение», «Твое телевидение» және «Жастар» телеарналары бар. 

Облыстың басқа елді мекендерінде 11 телеарна қолжетімді: 

«QAZAQSTAN», «Хабар HD», «Хабар 24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА», «Kazakh TV», «ABAI TV», «Первый канал Евразия», «SARYARQA», «QAZSPORT HD» және «Дидар» телеарналары.

«Қазтелерадио» АҚ алдағы аналогты телевизияның өшірілуіне байланысты облыс тұрғындарына цифрға көшуге дайындалуды ұсынады. Оған қосылу үшін теледидар DVB-T2 цифрлық тарату стандартын қолдайтынына көз жеткізу керек. Содан кейін тек дециметрлік антеннаны қосу ғана қалады. Ескі теледидарлар, әдетте, DVB-T2 стандартын қолдамайды, сондықтан цифрлық сигнал қабылдағыш сатып алу қажет болады, ол шамамен 4500-5000 теңге тұрады. Осы барлық дайындықтар «Аналогты» өшірген кезде адамдар телевизиясыз қалмауы үшін жасалуы керек.

 

Цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу жөніндегі жобаны іске асыру Қазақстанның ортақ контенті нарығында отандық телеарналардың хабар тарату үлесін ұлғайтуға және халықтың елдің ақпараттық ресурстарына тең құқықты кепілді қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша аналогты телерадио хабарларын таратуды толық өшіру мақсатында 827 радиотелевизиялық станция салу және жаңғырту қажет. Қазіргі сәтте халықтың 91,11%-ын цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен қамтитын 546 радиотелевизиялық станция пайдалануға берілді.

 

«Қазтелерадио» АҚ цифрлық эфирлік телехабар таратуға арналған жабдықты сатумен айналыспайтынын айта кетейік. www.tsetv.kz ресми сайтының өңірлер бөлінісінде дилерлердің тізімі жарияланған. Кез келген азамат онымен танысып, сәйкесінше дилерді таңдай алады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда «Қазтелерадио» АҚ Сall-орталығына төмендегідей нөмірлер бойынша хабарласуға болады:

  • 2 581 500 (Алматы қ. тұрғындары үшін)

  • 193 (үй телефонынан өңірлік қоңырау шалу тегін)

  • 8 8000 800 193 (Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).