193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

630 мыңнан астам қазақстандық отандық радиоға қол жеткізеді  

Опубликовано: 03.03.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, сондай-ақ, «Qazaq radiosy»-на 100 жыл толатын биыл Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекара маңындағы аудандары отандық радиоарналардың хабарларын тыңдай алатын болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі шекара маңындағы аудандарда радиостанциялар желісін кеңейту жөнінде шешім шығарып, оны 2021 – 2024 жылдар аралығындағы кезеңде іске асырмақшы.