193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

​2021 жылғы 30 қарашада сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу рәсімі өтті!

Опубликовано: 30.11.2021

2021 жылғы 30 қарашада сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу рәсімі өтті! Аналогтан цифрлық телевизияға көшуден халық кескіні мен дыбысы жоғары сапалы жаңа арналарға қол жеткізе алады. Облыс орталықтарының тұрғындарына абоненттік төлемсіз қазақстандық 30 шақты арна, облыс орталығынан төмен жерлерде стандартты айқындықтағы 15 арнаға дейін қолжетімді болды.

Цифрлық кескіннің аналогтан айырмашылығы – ол аяқ астынан үзіліп қалмайды, бұрмаланбайды, дыбысы жоғалмайды. Сонымен қатар, цифрлық хабар тарату HD форматында жоғары сапалы стандарттағы арналарды эфирге қосуға мүмкіндік береді. Көрші елдер HD сапасындағы арналарды эфирге енді ғана қосып жатыр, бұл ретте Қазақстанда эфирде осы форматтағы 2 телеарна – «Хабар» және «Қазспорт» арналары қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Цифрлық эфирлік телевизияға қосылу үшін теледидардың DVB-T2 цифрлық хабар тарату стандартын қолдайтынына көз жеткізу қажет. Одан кейін дециметрлік антеннаны қосылады. Ескі теледидарлар әдетте DVB-T2 стандартын қолдамайды, сондықтан цифрлық сигнал қабылдағыш сатып алу қажет болады.